Меню
Категории
d29bajrat-futzal-kluby-astana-d29bd2b1ramyna-kirdi
«Қайрат» футзал клубы «Астана» құрамына кірді
02.03.2023 Новости Казахстна

Футзалдан Алматының "Қайрат" командасы "Астана" кәсіптік спорт клубының қатарына енді. Енді бұл команда толығымен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорынан қаржыландырылады.

Екіжақты келісім-шарттан кейін алматылық футзал клубының атын "Астана-Қайрат" деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Команда алдағы жарыстарға осы атпен қатысады.

Келісім-шартқа қол қою сәтінен кейін команда президенті Қайрат Боранбаев: "Мақсатымыз — "Қайрат" және "Астана" атауы арқылы әлемдік аренаға шығу. Команданың атауы өзгергеніне қарамастан "Астана-Қайрат" өз ойындарын Алматыда өткізе береді" деп мәлімдеді.

"Астана-Қайрат" клубы Қазақстан чемпионатын он рет ұтқан. Клуб 2013 жылы УЕФА кубогын, 2014 жылы әлемнің Суперкубогын иеленді.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*