Меню
Категории
Винченцо Нибали 2014 жылдың үздігі атағын Контадордан «тартып алды»
24.12.2022 Новости Казахстна

2014 жылдың маусымында Винченцо Нибали испаниялық Альберто Контадорды екінші орынға ығыстырды. Оған Тур де Франстағы жеңісі себеп болған.

Cyclingnews оқырмандары 30 жастағы велошабандозды үздік деп шешті, деп жазады astanafans.com. Астана командасы лидерінің Турдың 5-кезеңінде көрсеткен шеберлігі оқырмандарды тамсандырды.

Оқырмандар бұл сәтті 2014 жылдың ұмытылмас сәті деп атады. Мұның барлығы оның жанкүйерлердің көзайымына айналуына септігін тигізді.

Нибали Контадордан 2 пайызға, ал әлем чемпионы Михал Kвятковскиден (Etixx-QuickStep) 10 % озды.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*