Меню
Категории
bejbit-nazarov-zhaponiyada-d3a9tken-zhekpe-zhegin-zhed2a3ispen-ayad29btady
Бейбіт Назаров Жапонияда өткен жекпе-жегін жеңіспен аяқтады
29.03.2023 Новости Казахстна

Ережесіз жекпе-жектен "ALEMFIGHTERS" клубының мүшесі Бейбіт Назаров Жапония жерінде өткен "REALFIGHT 1" ММА турнирінде шаршы алаң қожайыны жапондық Юки Ишихараны жеңді.

Ағайынды Назаровтардың кішісі Токио жеріндегі жекпе-жекте өте белсенді болды. Екі раунд бойы ширақ қимылдаған ол қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты.

Күншығыс елінде Бейбіттен бөлек Бауыржан Қуанышбаев пен Асқар Үмбетов те өз кездесулерін өткізген еді. Бірақ екеуі де жанкүйерлерін жеңістерімен қуантқан жоқ.

Бейбіт Назаров ережесіз жекпе-жектен әлем, Азия және Еуразия чемпионы. Сондай-ақ, джиу-джитсудан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*