АҚШ елшісі Чарльз Хантер Түркия азаматымен неке қимақ


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 20, 2024

АҚШ елшісі Түркия азаматымен некеге тұрмақ.  Бұл жайттан Түркиядағы дипломаттар сасып отыр деп хабарлайды 24.kz.

Ыстамбұлдағы АҚШ консулы Чарльз Хантер дәстүрлі емес бағыттағы Рамадан Чайсевер есімді жас түрік азаматымен неке қимақ.

Американдық дипломат жас түрікпен Ыстамбұл шіркеулерінің бірінде ұйымдастырылған концерт кезінде танысыпты. Рамадан Чайсевер шіркеу хорында ән шырқапты.

Таныстықтан біраз күн өткеннен соң жас жігіт АҚШ дипломатының жеке үйіне көшіп келген. Сорақысы сол, одан кейін ол консулмен бірге ресми іс-шараларға да қатыса бастаған.

Айта кетейік, АҚШ-тың Мемлекеттік департаметінен оң жауап алғаннан кейін бұл «жұп» желтоқсанның аяғына дейін үйленуді шешіпті.

Олар некелерін бір жынысты некеге рұқсат етілген АҚШ-тың Висконсин штатында тіркемекші. Ал тіркелуден кейін оларТүркияға қайтап келіп, тойды ары қарай Ыстамбұлда жалғастырмақшы.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.