Қарағандылық қарияның ішінен қайшы табылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 24, 2018

70 жастағы қарағандылық қарияның ішінен қайшы тектес қысқыш табылды. 12 жыл бойы ақсақалдың ағзасында болған құрал оның денсаулығына зиян келтірмеген.

Шахтинск қаласының тұрғыны осыдан 12 жыл бұрын операция жасатып, өтін алдыртқан екен. Сол кезде дәрігерлердің салғырттығынан қысқыш науқастың ішінде қалып қойған.

Оны ақсақал қаладағы жекеменшік клиникалардың бірінде скринингтік тексерістен өткеннен кейін білген. Қарияны қараған дәрігер Бауыржан Айтбаев өз тәжірибесінде мұндай жағдайдың бұрын-соңды болмағанын айтады.

Қазір ақсақал кезекті операцияға дайындалып жатыр.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.