Лондонда жастар нәсілшілдікке қарсы бас көтерді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 9, 2022

АҚШ-тағы толқулар Лондонға да жетті. Ұлыбритания астанасындағы ірі сауда орталығында жүздеген адам жиналып, еденге жату арқылы өздерінің нәсілшілдікке наразылығын білдіруде.

 
Полиция бастапқыда шеруді бейбіт түрде шешпек болып, жиналғандарды сабырға шақырған. Бірақ жұрт бұған көнбеген соң тәртіп сақшылары оларды күштеп шығаруға мәжбүр болды.

80 адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген. Еуропаның бірнеше мемлекетінде қазір АШҚ-тағы полицейлердің әрекетіне қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр.

Қара нәсілді Эрик Гарнер мен Майкл Браун тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапқан соң, жер-жердегі афроамерикандықтар бас көтерген болатын.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.