Меню
Категории
tarazda-tasbauyr-anasy-d29borapd29ba-salyp-dalad293a-tastap-ketken-sd399bi-d2afsip-kete-zhazdady
Таразда тасбауыр анасы қорапқа салып, далаға тастап кеткен сәби үсіп кете жаздады
09.06.2022 Новости Казахстна

Таразда жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел іздестірілуде. Тасбауыр ана құрсағынан шыққан шаранасын қорапқа салып, қараңғы жерге қалдырып кеткен.

Үсіп қала жаздаған нәрестені жергілікті тұрғын кездейсоқ көріпті. Шақалақтың шырылдаған дауысын қараңғы қуысқа дәрет сындыруға барған азамат байқаған.

Жұқа жөргекке оралып, полиэтилен қапқа салынған сәби қораптың ішінде етбетімен жатыпты. Дереу жедел жәрдем шақыртылып, ол ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер ауыр жағдайда түскен нәрестенің беті бері қарады деп отыр. Ал туылғанына небәрі 4 күн болған деп топшылайды. Әрі мұндай қара суықта аман қалғанына аң-таң.

Дәрігерлер тастандыға ырымдап Нұрай Жарқынбек деп ат қойыпты. Қазір оның көкек анасы іздестірілуде.

"Табылуы мүмкін деп ойлаймын. Өйткені балада перзентхананың мөрі басылған екі жөргегі бар. Сол жөргек арқылы табылуы мүмкін", — дейді неонатолог-дәрігер Айнұр Ештаева.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*