Астана әкімі оқушыларға қоғамдық көлікте жол жүруге жеңілдік енгізуді ұсынды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 22, 2022

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков оқушыларға қоғамдық көлікте жол жүруге жеңілдік енгізуді ұсынды деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

"Жеңілдікті жол жүру құқығын барлық оқушыларға берген дұрыс болады деп санаймын! Әрине, бірден емес, кезең-кезеңмен осыған да келеміз. Мұны егжей-тегжейлі талдау керек", — деді Жақсыбеков.

Қазіргі кезде "Оқушыларға арналған қоғамдық көлікпен жол жүру жеңілдіктері туралы" мәслихат шешіміне сәйкес білім мекемелерінде оқитын көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға қоғамдық көлікпен жол жүру кезінде жеңілдіктер жасалады.

Бұдан басқа, әкім білім беру саласында мемлекеттік тапсырысты және балабақшаларда ата-аналар төлемдерінің көлемін ұлғайтуды қарау керектігін атап айтты.

Оның айтуынша, үш жылдың ішінде бұл көрсеткіш өзгерген жоқ.

"Бұл ретте балаларды тамақтандыру құнын өзгерту мүмкіндігін де қарастыру қажет. Бүгінде бұл көрсеткіш 29 мың теңгені құрайды және ол 2012 жылдан бері өзгермеген. Біз девальвацияны, азық-түлік бағаларының көтерілгенін, жыл сайынғы инфляцияны ескермейміз. Бұл Қазақстан бойынша ең төменгі көрсеткіш", — деп қосты Әділбек Жақсыбеков.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.