Алматылық дәрігерлерге жасалатын тосын сыйдан шу шықты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 21, 2024

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы құны 175 мың тұратын 10 қалта телефонын сатып алуда деген ақпарат тарады. Қымбат байланыс құралдарына мемлекеттік сатып алулар жүйесінен бөлінген 1 миллион 800 мыңға жуық теңге жұмсалған.

Жұртты дүрліктірген мәліметтің тігісін жатқызу мақсатында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Манас Рамазанов баспасөз мәслихатын өткізді.

Басқарма басшыларының айтуынша, «Сән және дизайн» колледжіндегі жарылыстан зардап шеккендерді ажалдан арашалап қалған дәрігерлерді ынталандыру мақсатында, айфон телефондарын сатып алуға тапсырыс берілген.

Ақша мемлекеттік сатып алуларға бөлінген қаржыдан үнемделіпті. Ал бағалы сыйлыққа 30 үміткердің 10-ы іріктелген. Олардың қатарында денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жоқ.

"Тосын сый жасағымыз келген. Желтоқсанның 25-не дейін телефондар келу керек. Оларға ойыншық ретінде емес, кәдімгі өзіміздің коммуникация жағын дамыту мақсатында, скайп, ватсап үшін, яғни,  өзімізге жұмыс жасау үшін сыйлаймыз", — дейді  Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Манас Рамазанов.

Осылайша, шаһардың жедел-жәрдем стансасы, қалалық жедел көмек көрсету ауруханасы, қалалық 5-ші және 7-ші клиникалық аурухана хирургтары, травматологтары, білікті мамандары жаңа жыл қарсаңында қымбат телефонға ие болады.

Олардың есімдері әзірге құпия. Қазір жарылыстан жапа шеккен бір студент дәрігерлердің бақылауында. Ал 13 науқастың кейбірі үйіне оралған, кейбірі шипажайда емделуде.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.