Қарағанды тұрғыны 4 баласымен өрттен кейін қираған үйде тұрып жатыр


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 16, 2022

Қарағандыда көршісінің кесірінен шаңырағы ортасына түскен жалғыз басты ана, 4 баласымен апатты үйді паналауға мәжбүр. Қаламқас Кенжебаева енді қалталы азаматтардан көмек сұрайды.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Бір жарым ай бұрын іргелес үйде газ баллоны жарылған. Апат салдарынан қабырғалары опырылған үйде тұру мүмкін емес. Сондықтан, Қаламқас Кенжебаева балаларымен бірге қойманы паналап отыр. Енді ол үйімді қайта тұрғызып беруге қол ұшын созатын жан табыла ма, деп үміттеніп отыр.

Қатты аяздан бөлмеден ызғар тарта бастаған. Төбесі мен қабырғалары құлағалы тұр. Төтенше жағдай қызметкерлері үйде қалуға болмайтынын ескерткен. Алайда, барар жері жоқ отбасы жандарын шүберекке түйіп, қыс ішінде қираған үйде қалуға мәжбүр.

"Үйдің ішінде қар тұр деген не сұмдық?! Міне, жылы болсын деп бәрін төсеп қойдық. Сонда да жылу жоқ. Түні бойы пеш жағамыз. Төсегіміз, курткамыз бәрі тастай суық", — дейді Қаламқас Кенжебаева.

Ал, жарылыста қатты зардап шеккен көршісі әйелімен бірге ауруханада көз жұмды. Қаламқас Кенжебаева қайтыс болған жандардың мұрагерлері табылғанша, өтемақы талап етіп, шағымдана алмайды.

Октябрь аудандық әкімдігі қала сыртындағы жатақханадан уақытша бөлме берген. Алайда, көп балалы ана "балаларымның мектебіне алыс, оның үстіне бұзақылар үйімді тонап, өртеп кетеді" деп, онда барудан бас тартқан еді.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.