Талдықорғанда тағы да газ баллоны жарылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 30, 2023

Талдықорғанда тағы да төтенше жағдай. Тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, арты бірден өртке айналған.

Салдарынан, үйде болған қырық жеті жастағы ер адам көз жұмып, ал оның анасы ауруханаға жеткізілді.

Апат болған үйдің туыстарының айтуынша, көз жұмған ағасы екінші топтағы мүгедек. Газ плитасының жанында тұрып, кенеттен ауруы ұстап қалуы мүмкін деп, топшылайды.

Ал, мамандар арнайы комиссия құрып, зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Ауруханаға жеткізілген 1940 жылғы зардап шегушінің жағдай ауыр дейді, дәрігерлер.

"Беті, мойыны, қолдары күйік шалған және жоғары тыныс алу жолдары күйік шалуына байланысты жағдай ауыр. Сол себептен де реанимация бөлімінде жатыр. Емдік шараларының барлығы толығымен жасалып жатыр", — дейді  дәрігер-реаниматолог Абылай Сахариев.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.