Әнші Абай Бегей Роза Рымбаеваның сынынан кейін сахнадан кетпекші болды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 11, 2023

Абай Бегім атымен танылып, бүкіл Қазақстанды "Аспанға қараймын" хитымен жаулап алған Абай Ниязқұловтың Роза Рымбаева сияқты сын айтқандардың сөздері өзіне қатты әсер ететінін айтады.

Ол әншінің сынын жүрегіне жақын қабылдап, қатты күйінгенін жасырмады. Тіпті туыстарын жинап, сахнадан бас тартпақшы да болыпты. Алайда, жақын-туыстары ән айтуды жалғастыра беруіне кеңес беріпті.

Жалпы әншіні соңғы кездері халық әртістері де қатаң сынап жүр.

Халық әртісі Роза Рымбаева әншінің "Аспанға қараймын" әнін радиодан тыңдағысы келмейтінін, тіпті радиодан ести сала, оны өшіретінін мәлімдеген болатын.

Ол жастарда музыкалық мәдениеттің қалыптаспағанын және телеарналардан осы сынды жеңіл әндердің таратылмағанын қалайтынын жасырмады.

Оның пікірінше, осындай талғамсыз жазылған әндер жастардың санасын улайды.

Бұған биылғы жылдың жұлдызы Абай Бегім: "Концерттік ән орындайтын топтардың өміршеңдігін көріп жүрміз. Аз уақытта тарап кетіп жатады. Бізде шоу-бизнес жоқ. Той-бизнесіне ән жаздырып орындаған жөн. Әнші де отбасын, өзін асырау керек", — дейді.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева жеңіл-желпі әндерге еліктей бермей, жастарды музыкаға тәрбиелеу керектігін мәлімдеген болатын.

ть полностью:  http://news.nur.kz/341364.html

Ал бұған дейін КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты дарынсыздығы үшін сынап, қазіргі эстрадада сол сияқты "біркүндік жұлдыздардың" толып кеткенін айтқан болатын.ть полностью:  http://news.nur.kz/334854.html

 

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.