Еуропарламент мүшесі Меркельден «аузын жабуды» сұрады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 12, 2023

Еуропа парламентінің депутаты Жан-Люк Меланшон Францияға қатысты сын айтқан Германия канцлері Ангела Меркельге тіл тигізді.

Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.

"Аузыңызды жабыңыз, Меркель ханым! Франция — азат ел", — деп жазды немістің "Сол майдан" партиясының жетекшісі Twitter-дегі парақшасында.

"Одан да өз кедейлеріңіз бен үйіндіге айналған шаруашылықтарыңызды ойлаңыз", — деп жазды Жан-Люк Меланшон француз тілінде.

РИА Новости-дің хабарлауынша, саясаткердің мұндай ащы сөзі — Ангела Меркельдің Die Welt басылымына берген сұхбатына қайтарылған жауап.

Өз сұхбатында Меркель Италия мен Франция жүргізіп жатқан реформалардың жеткіліксіз екенін айтқан.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.