Олланд: Мәскеуде «Мистраль» туралы бір ауыз сөз болмады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 20, 2024

Сенбі күні Франция президенті Франсуа Олланд Қазақстаннан қайтар жолда Мәскеуге қысқауақытты жоспарланбаған сапар жасады, деп хабарлайды Утро.ру.Владимир Путин мен Франсуа Олланд

"Внуково-2" әуежайында ол Ресей мемлекетінің басшысы Владимир Путинмен кездесті. Путин франциялық әріптесіне сапар үшін уақыт тапқаны үшін алғысын айтып, бұл кездесудің Украинадағы дағдарысты шешуге пайда әкелетініне сенімін білдірді.

"Проблемалар күрделі, олай болғанымен біздің осыған байланысты жүргізген талқылауымыз белгілі бір оң нәтижесін беруде. Мен сіздің бүгінгі қысқа жұмыс сапарыңыз көптеген проблемаларды шешуге пайдасын тигізетініне сенімдімін", — деді Олландпен кездесуді ашу кезінде Ресей президенті.

Өз кезегінде Олланд Путинге қабылдау үшін алғысын айтып, Ресей мен Францияның екіжақты қарым-қатынастарындағы бөгеттерден өте алатынына сенімін білдірді.

"Мен бір кездері осындай бөгеттерді, арамызда бой көтеретін қабырғаларды бұзу керек деп ойлаймын және осыны жасай аламыз деп сенемін", — деп атап өтті Франция басшысы.

Украина туралы айта отырып, Олланд: "Біздің «жиырмалық" аясында бастаған пікірталасымызды жалғастыру қажет. Ресей, Францияның оған талпынысы бар, олар осыны тілейді. Алтыншы маусымда біз шешімдерді тауып, бірге жұмыс істеу қажеттілігі туралы айттық. Біз Ангела Меркельмен сөйлестік. Ресей мен Франция қажетті шешім таба алады деп ойлаймыз", — деді.

Кездесуден кейін Путин тілшілерге "Мистраль" тақырыбының қозғалмағанын айтты.

"Мистраль" туралы сөйлеспедік, ол туралы сөз болмады. Келісімшарт бар, бұл заңды құжат, ол орындалады. Мен президентке ешқандай сұрақтар қоймадым, ештеңе айтпадым да, — деді ресейлік көшбасшы. — Егер келісімшарт бұзылса, Ресейдің Францияға ерекше наразылығы болмайды, бірақ ол бұған дейін алдын ала төленген ақшасын қайтаруға үмітті. "Біз бұл тақырыптағы оқиғалардың кез келген даму желісіне түсіністікпен қараудамыз және қарайтын боламыз", — деп түйіндеді Путин.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.