Меню
Категории
marokkoda-ministr-pojyzdyd2a3-astyna-td2afsip-d29baza-boldy
Мароккода министр пойыздың астына түсіп, қаза болды
09.06.2022 Новости Казахстна

Мароккода жол апаты салдарынан мемлекеттік министр Абдалла Баха қаза болды, деп хабарлады РБК.

Бұл оқиға корольдік астанасы — Рабат қаласының шет жағында, осыған дейін социалистер көшбасшысы, парламентарий Ахмад Заиди суға кеткен жерде болды.

Министр Бунзике елді мекеніне саясаткердің қаза болған жерін қарауға келіп, өзі де пойыздың астына түсті. Мамандығы бойынша агроном 60 жастағы Баха 2004 жылдан бері Марокконың Әділет және даму партиясы бас хатшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.

Осы оқиғаға байланысты басқа мәліметтер берілмеді. Қазір Францияда жеке сапармен жүрген Премьер-Министр Абделила Бенкиран Мароккоға жерлеу рәсіміне келеді деп күтілуде.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*