Француздар қазақтың ұлттық киімін киген Олландты әжуалауда


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 8, 2023

Франция президенті Франсуа Олландтың қазақ шапаны және бөркімен түскен суреті интернет қолданушылары арасында қызу талқыланды.

Бұл туралы Le Parisien басылымына сілтеме жасап Риа Новости хабарлайды.

Олландтың шапан және бөрік киіп түскен суретін Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми фотографы түсірген. Содан соң, екі ел басшыларының суреті ғаламторда жарияланды.

Сурет келесі күні әлеуметтік желілерден өшірілгенімен, интернетте қызу талқылануда. Франуса Олландтың қазақтың ұлттық киімімен түскен суретін қызық көрген француздар түрлі коллаждар жасай бастады.

Тіпті, медиа комментаторлардың бірі Роджество қарсаңында түрлі үлгіде киіндірілетін Олланд қуыршағын жасауға шақырды.

Ал бұл әзілдерге қарсы Франция президентін қолдаушылар интернетке ресми іссапар кезінде түрлі ұлт киімін киген басшылар суретін салуда.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.