Меню
Категории
Назарбаев: Елімізде цензура, саяси қудалау жоқ
08.01.2023 Новости Казахстна

Қазақстанда адам құқығының сақталуы кейбір еуропалық елдерге қарағанда кеңінен қамтамасыз етілген. Бүгін Ақордада Франция президенті Франсуа Олландпен келіссөздерден кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

"Қазақстанда адам құқығының сақталуы этникалық ұстанымдар бойынша тыйым салатын заңдар қабылдай бастаған кейбір еуропалық елдерге қарағанда кеңінен қамтамасыз етілген. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады және олардың баршасының құқығы тең. Барлықтарының тілдері, мәдениеттері қорғалған, сондай-ақ 18 тілде мектептер жұмыс істеуде", — деп атап өтті елбасы.

Осы орайда Президент 40 діни конфессиялар емін-еркін қызмет етіп жатқандығын, мешіттер, шіркеулер мен ғибадатханалар салынып жатқандығын айтты.

"Яғни, өмір сүру еркіндігі, баспанаға қол жеткізу, жақсы өмір сүру секілді басымдықтарды біз қамтамасыз етіп жатырмыз", — деді Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізде цензура, саяси қудалау жоқ екендігін, осы орайда таптаурынды көзқарастарды ұмыту керектігін қадап айтты.

Сөз соңында Елбасы Қазақстанда өзіндік тарихы мен төл мәдениеті бар екендігін, сондай-ақ демократияны дамыта отырып, еліміз өзінің құндылықтарынан бас тартпайтындығын атап өтті.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*