Головкин пен Мюррей алдағы жекпе-жек туралы ресми түрде жариялады
WBA, IBO және WBC нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен британдық Мартин Мюррей алдағы уақытта болатын жекпе-жек туралы ресми түрде жариялады.
Бұл туралы BoxingScene.com-ға сілтеме жасап Vesti.kz хабарлайды.
Геннадий Головкин мен 32 жастағы британдық спортшы Лондонда өткен баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, боксшылар арасындағы айқас 21 ақпан күні Монаконың Ларвотто ауданындағы Salle des etoiles аренасында өтеді.
Новости Казахстана
Апр
4
4