Павлодар облысында радонның концентрациясы жоғары екендігі анықталды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 23, 2022

Павлодар облысының Баянауыл ауданының екі ауылында радонның концентрациясы жоғары екендігі анықталды, деп хабарлады ҚазТАГ.Фото: hermeticum.info

"2015 жылдың 15 қазанынан бері біз Баянауыл ауданындағы радон деңгейін өлшеп тұрамыз. Біз 4 елді мекенді таңдап алдық. Алдын-ала мәліметтер радонның Күндікөлде, Торайғыр ауылдарында жоғары екендігін көрсетті. Кейбір цифрлар келтірейік. Норма бойынша – текше метрге 200 беккерель (радиоактивтік көздің белсенділігін өлшеу бірлігі – ҚазТАГ). Біз 251 және 487 бірлік екенін анықтадық. Яғни біздің зерттеулер зерттеліп отырған аумақта радон концентрациясы жоғары екенін көрсетті", — деді жұма күні эколог Наталья Яковлева, Павлодар облысындағы қоршаған ортаның сапа көрсеткішін зертеумен айналысатын "Экосервис-С" компаниясының өкілі.

Ол зерттеулер неге дәл осы ауданда жүргізілгенін түсіндірді.

"2010 жылы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тапсырысымен радон тұрғысынан қауіпті аумақтарды анықтау жұмыстары жүргізілді, оған Баянауыл және Майқайың аудандары енді. Радон – табиғи фактор. Көп жағдайда дәл сол өкпенің қатерлі ісігін тудырады. Радон – газ, оның зиянды әсерінен құтылу үшін көбінесе бөлмені желдетіп алса жеткілікті. Ол үшін адамдар сондай газдың барлығын білулері керек. Енді нәтижені нақтылау үшін нүктелік өлшемдер жүргізіп жатырмыз", — деді Наталья Яковлева.

Оның айтуынша, 76 тұрғын үй тексерілді.

"Біз үшін жылдық орташа көрсеткіш маңызды. Сондықтан сол жерлерге 2015 жылғы наурыз айына дейін өлшеулер жасап тұратын аспаптар орнаттық. Сол кезде радон тұрғысынан осы аумақ қаншалықты қауіпті екендігі туралы нақты айта аламыз", — деп тұжырымдады эколог.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.