Алматы тұрғыны сегізінші қабаттан секіріп өлмек болды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 13, 2023

Алматының Алмалы ауданында өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алды алынды. Нақтырақ айтсақ, тоғыз қабатты үйдің 8-ші қабатында орналасқан пәтерлердің бірінде досымен бірге тұрып жатқан жас жігіт өзін-өзі мерт қылуға әрекет еткен.

Бұл туралы Алматы арнасы "Куәгер" бағдарламасы хабарлайды. Ол таңғы сағат сегіздер шамасында ас үй терезесінің алдына шығып, төмен қарай құламақ болған.

"Мен таңертен жұмысқа бара жатқанмын. "Көмектесіңдер" деген айқайды естідім. Қарасам, бір бала терезеге асылып тұр. Бірден полицияға хабар бердім", — деді куәгер.

Өмірмен қош айтыспақшы болған жігітпен тісдесу нәтижесінде, жедел жәрдем дәрігерлері оның қылығына алдын ала түсініктеме беріп, есірткі тұтынғанын растады.

Алмалы аудандық ІІБ-ның жедел тергеу тобы үйді тексеру кезінде шегу трубкасын тауып, тәркіледі.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.