Қазақстанның батысында боран соғып, тұман түседі


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 12, 2022

5 ақпан күні Қазақстанның басым аумағында қар жаумайды, күн ашық болады, алайда, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет".

Нақтырақ айтқанда, еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысындағы кей аумақтарда түман түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады.

Алматы облысында түнде тұман түсуі ықтимал, Жалаңашкөл маңында 18-23, кей тұста 28 м/с-қа дейін жел тұрады. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында да тұман түсуі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстанның кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, 15-20м/с-қа дейін жел соғады. Қызылорда және Атырау облысында түнгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында да кей жерлерде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с-қа дейін жел соғады.

Қостанай облысының кей аумақтарында да тұман болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аздаған боран болуы мүмкін.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.