Экс-Қорғаныс вице-министрі істі қайта қарастыру бойынша өтініш берген жоқ


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 2, 2022

Қорғаныс министрінің экс-орынбасары Бағдат Майкеев онкологиялық сырқатына байланысты істі қайта қарастыру бойынша өтініш берген жоқ, деп хабарлады Әскери сот төрағасы Сәкен Абдуллаев.

"Бүгінде сырқатына байланысты оның немесе оның қорғаушыларының өтініш бергені туралы бізде ақпарат жоқ", — деді  Абдуллаев сейсенбідегі баспасөз-конференциясында.

"Ол өзге де азаматтар сияқты еліміздің азаматы. Сондықтан да ол оның конституциялық құқығы. Жасыратыны жоқ, ол конституциялық құқығын пайдалана алады, процесуалдық мерзімге сәйкес конституциялық шағымын түсіре алады, егер ол қанағаттандырылмаған жауап немесе аталмыш органның шешімін алса, онда ол жоғары инстанцияға шағым түсіре алады", — деп толықтырды ол.

Осыған дейін хабарлағандай, Бағдат Майкеев өте ауыр дертке шалдыққан және ем алуды қажет етеді. Генерал қалқанша безінің папиллярлы карциномасына (ракқа) шалдыққан. Оған бірнеше ота жасалған.

2014 жылдың қыркүйек айындағы аппеляциялық шағымында Бағдат Майкеевтың қорғаушысы үкімді өзгертіп, оны Қылмыстық кодекстің 4 бөлімнің 177 бабына сәйкес (алаяқтық) қайта қарауды, аса ауыр онкологиялық дертіне байланысты бас бостандығынан айырумен еш қатысы жоқ жазаны тағайындауды сұрады.

Алайда Әскери сот шағымды қанағаттандырмады.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.