Алматыда автобусқа қойылған валидатор алты жыл бұрынғы билетті берген


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 9, 2023

Қала тұрғыны қара басының қамын күйттеген қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты шара қолдануды өтінді. Айтуынша, валидатордан алған билетте 2008 жылдың датасы қойылған деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ескерерлік жәйт, бұл жылы қаладағы автобустарға аппарат орнатылмаған болатын. Сонымен қатар, азаматты қоғамдық көліктен шығар сәтте жүргізушінің билетті қайтарып беруді талап еткені таң қалдырған. Бұл жағдай турасында "Алматыэлектротранстың" баспасөз қызметі жауап берді.

"Алматыэлектротранс" ЖШС ережелері бойынша, жүргізушілер жолаушылардан қандай да бір төлем қабылдауларына тыйым салынады. Жолақысын алған жағдайда тұрғындар қоғамдық көлікте көрсетілген телефон нөмірі бойынша хабарласуға құқылы. Бізде барлық бағыт бойынша жұмыс істейтін тексеру желісі қызмет етеді. Олар жолаушыларды ғана емес, жүргізушілерді де тексерулері тиіс. Ереженің бұзылғандығы анықталса, қоғамдық көлік жүргізушілері қатаң жазаға тартылады, тіпті жұмыстан айырылуы мүмкін", — деді "Алматыэлектротранс" ЖШС баспасөз жетекшісі Гауһар Нөкербекова.

Оның айтуынша, жүргізуші билетті қайтаруды талап етуі заңсыз болып табылады. Бұл жағдайда жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Сонымен Нөкербекова билет жолаушыға тиесілі және қандай жағдай болмасын көлік жүргізушісіне берілмеуі қажет екенін атап өтті.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.