Ақмола облысында шенеунік 400 мың теңге парамен ұсталды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 29, 2022

"Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас маманы пара алған деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Мемқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыстық департаментінен. 

"28 қаңтарда Бурабай ауданында "Рубеж" бекетінде Мемқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің сотқа дейінгі тергеу басқармасының қызметкерлері "Ақмола облысы көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекеме бас маманын ұстады", — деді ведомствода.

Белгілі болғандай, көліктік бақылау инспекцисының қызметкері 400 мың теңгеден астам пара алған деген күдікпен ұсталған. 30 қаңтарда күдікті қамауға алынды. Тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық кодекс 366 бабы 3 бөлімі 1 тармағы бойынша (бопсалау арқылы пара алу) қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін БАҚ-тар хабарлағандай, инспекцияның бас маманы Манарбек Жармағамбетов жеке компанияның бензовозын тоқтату барысында одан 6 тонна отынға талон бопсалаған. Манарбек Жармағамбетов 4 мың литрге талон алу барысында ұсталған.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.