Калачилік дәрігердің отбасы Щучье қаласына көшіп кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 3, 2023

Калачи ауылынан Щучье қаласына бір отбасы қоныс аударды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

 

Бұл жолы көшіп келген Протасовтар отбасы болып отыр. "Ұйқы аруын" көзбен көріп, куә болған адамдардың бірі Татьяна Протасова "ұйқылы" Калачи ауылындағы фельдшерлік амбулаториялық пунктінде дәрігер болып қызмет істеген.

Қазіргі кезде ол балаларымен бірге Щучье қаласына көшіріліп, Бурабай аудандық ауруханасына терапевт дәрігер ретінде жұмысқа орналастырылды.

Аудан әкімдігі оны екі бөлмелі пәтермен қамтамасыз етті. Кеше осынау ауданға сапары барысында облыс әкімі Сергей Кулагин дәрігер Татьяна Адольфовнаның пәтерінде болып, жаңа қонысымен құттықтады.

Кездесуде Татьяна Протасова атышулы Калачи ауылынан көшуге көмек қолын созған облыс басшылығына алғысын білдірді. Оның айтуынша, балалардың денсаулығы бірінші кезекте. Сондықтан бұл ауылдан көшіп кету отбасы үшін маңызды қадам болып отыр.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.