Ұлыбритания елшісі Қазақстанға дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін не істеу керектігін айтты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 1, 2023

Дамыған деген 30 елдің қатарына кіру үшін Қазақстан өзіндегі бюрократия деңгейін төмендетуі керек, деп есептейді Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэролин Браун. Кэролин Браун. Фото: forbes.kz

"Біз Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған деген 30 елінің қатарына кіруге деген ұмтылысын түсінеміз. Ол мақсатқа тек нарықты ашу және бюрократия деңгейін төмендету арқылы қол жеткізуге болады. Мемлекеттік құрылымдардың бизнеске әкімшілік ауыртпалығын төмендету керек", — деді Кэролин Браун мемлекеттік бір БАҚ-қа берген сұхбатында.

Бұл ретте ол Қазақстанда Британиялық коммерциялық палата ашпақшы екенін жеткізді.

"Биылдың өзінде біз Қазақстанда Британиялық коммерциялық палата (British Chamber of Commerce) ашпақшымыз. Бүгінге республикада әр түрлі секторларда, оның ішінде мұнай-газ саласында да британиялық толып жатқан компаниялар қызмет атқаруда, сондықтан коммерциялық палата ашатын уақыт келді. Ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасы секілді британиялық кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын болады", — деді Кэролин Браун.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.