Қашағанның ірі келісім шарты кезекті рет шетелдік компанияға бұйыруы мүмкін


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 2, 2022

Қашаған кеніші бойынша 2 миллиард долларлық келісім шарт Италияның Saipem сервистік компаниясына бұйыруы мүмкін.Фото: 2b1stconsulting.com

Кәсіпорынның 43 пайыз акциясы Қашағанда құбыр тарту жұмыстарымен айналысқан Eni концерніне тиесілі. Яғни, жұмыс дәл осы компанияның қолына түсуі мүмкін, деп хабарлады Рейтерс.

Италиялық компанияның бұған дейінгі жұмысы сәтсіз аяқталған. Яғни, Eni концернінің құбырлары жарамсыз болып қалды. Соған қарамастан, Каспийде жұмыс істеп жатқан компаниялар консорциумымен келіссөз жүргізуде.

Бұл компания Алжирде жүргізілген жұмыстар кезінде жемқорлыққа қатысты даудың ортасында қалды. Соңғы 2 жылда табысы 10 миллиард евроға дейін қысқарған.

Еске салайық, Каспийдегі компаниялар консорциумына Exxon Mobil, Eni, Total, Royal Dutch Shell, Inpex, CNPC және ҚазМұнайГаз кіреді. Құбыр айырбастау жұмыстары келесі жылдың көктемінде басталады деп жоспарлануда.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.