Қыздарды суретке жаңалаңаш түсірген Барух түрмедегі жағдайына шағымданды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 19, 2022

Қазақстан түрмелері жазасын өтеп жатқан шетелдіктер үшін жұмаққа бергісіз. Бұл жайында Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәжілісінде айтты.

"Астана" арнасының тілшісі жазасын елімізде өтеп жатқан шетелдік Барох Питерге қатысты сұрақ қойған болатын. Кәмелетке толмаған қыздарды азғырып, суретке жалаңаш түсіргені үшін британдық былтыр 8 жылға сотталған еді.

Алайда, Қазақстан түрмелерінде жағдайдың қолайсыздығын айтқан оның қорғаушысы сотқа қайтара шағым түсірді. Тек оның арызы қанағаттандырылмай, үкім күшінде қалды. Облыстық сот төрағасы заңның баршаға ортақ екенін жеткізді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов: "Барохтың "түрмедегі жағдай нашар" деген шағымымен келіспеймін. Елімізде түзету мекемелерінің деңгейі, әлемнің өзге түрмелерімен салыстырғанда, анағұрлым жақсы. Мәселен, Американың бақылауындағы "Гуантанамо" түрмесімен салыстырар болсақ, Қазақстандық түрмелер жұмаққа бергісіз.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.