Алматыда автобусы ірі апатқа себеп болған автопарк лицензиясынан айырылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 20, 2020

Алматыда жаппай көлік апатына себепкер болған автобусқа иелік еткен №2-ші автопарк 31-ші және 67-ші бағыттардан айырылды.

"Алтын Орда" базары мен "Қазақфильм" шағын ауданының арасында жолаушыларға қызмет көрсететін 31-бағыт өзге тасымалдаушыға берілмек.

Сол сияқты 67-ші бағыт та байқау арқылы өзгелердің қолына өтеді. Автопарктегі осыған дейін жіберілген өзге де заңбұзушылықтар негізге алынып, мекемеден осы екі маршрут қайтадан конкурсқа шығарылған.

Ахметжан Есімов Алматыда муниципалдық автопаркке қарасты жаңа автобустардың таныстырылымы кезінде: "Осы апаттан соң 31-ші маршруттан автопарк айырылды. Бізде, көріп тұрсыздар, мынадай автобустар жеткілікті. Егер осындай апатқа тағы жол берілсе, біз олардың маршруттарын басқаларға береміз", — дегенді мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 18 қаңтарда Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. "Қазақфильм" шағын ауданынан қозғалған 31-ші бағыттағы автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысып, нәтижесінде 9 адам ауруханаға жеткізілді.

Жүргізуші Жәңгір Боқашев ем қабылдап жатыр. Ол өзі басқарған автобустың аяқасты тежегіші істен шығып, апатқа ұшырағанын түсіндірген болатын. Жүргізушінің айтуынша, автобус паркі көлікті бағытқа техникалық жағдайын тексермей шығарған.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.