Қазақтың сымбатты қыз-жігіттері көбейіп келеді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 12, 2022

Қазақтың сымбатты қыз-жігіттері көбейіп келеді. Қан тазалығы, урбанизация мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруы — ұлттың жасаруына әсер етуде.

Ғалымдар осындай пікірде.

"Дала қазағы мен қала қазағының, тау қазағы мен техникаға тәуелді қалалықтардың келбеті мен болмысында айырмашылықтар көп", — дейді.

Ал кей ғалымдар — бүгінгі қазақ осыдан бірнеше ғасыр бұрынғы қазаққа ұқсамайды — деген пікірде.

"Осы қазіргі қазақтар мен көрген бұрынғы қазақтарға ұқсамайды. Тіптен нағыз қазаққа ұқсамайды", — дейді биология ғылымдарының докторы, профессор Жекен Мамытов.

Ал жазушы, драматург Дулат Исабеков: "Тұрмыс дәреже өзгерді, киім өзгерді, галстук тағатын болдық, саясатпен айналысатын болдық, тағы-тағылар. Бірақ ұлттық құлық жағынан, ұлттық намыс жағынан, ұлттық сана жағынан Абай заманынан әлі өзгере қойған жоқпыз", — деген пікірде.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.