Қазақстандағы ерекше есімдер қандай?


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 14, 2024

Қазақстанда балаға ат қою тұрғысына келгенде көп қиындық жоқ. Сол себепті, есімдердің түр-түрін кездестіруге болады.

Естеріңізде болса, 2011 жылғы Азия ойындары кезінде туылған сәбиге Азиада есімі қойылған болатын. Сол жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті кезінде дүниеге келген сәбидің біріне Саммитхан деген есім берілген.

Одан бөлек, NUR.KZ оқырманының жазуынша, экономикалық дағдарыс кезінде өмірге келген балалардың бірін Дағдарыс деп атаған. Ақ жайық басылымының жазуынша, Қазақстанда "Нью-Йорк" деген адам аты да бар екен.

Ал есімін атамауды өтінген NUR.KZ оқырмандарының бірі өзін таң қалдырған қызықты адам аттарымен бөлісті.

"Ол кезде Астанада емес, еліміздің басқа қаласында тұратынбыз. Қызыммен бірге би үйірмесіне әпкелі-сіңілілі қыздар қатысып жүрді. Таныса келе, олардың аттарының тым ұзақ әрі ерекше екенін білдім", — дейді оқырман.

Оқырманның айтуынша, қыздардың бірінің есімі – Маржансұлуқұндыззада болса, екіншісі – Нұрайнагүлбақсайран екен. Есімінің ұзақтығы бойынша бұлардан кем түспейтін үшінші қыздың атын оқырман есіне түсіре алмаған. Бір қызығы, үшеуі де бір үйдің қыздары екен.

Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі де балаларына ерекше есім қоюда алдына жан салмады. Композитор ұлдарына Мұхтаршахан және Бекзатсаттархан деп ат қойыпты.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.