Алматыда балалар қытай ойыншықтарын жұтып қойған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 16, 2023

Алматылық дәрігерлер ата-аналарды балаға мұқият қарауға шақырды. Өйткені соңғы кездері ұсақ-түйек заттарды аузына, мұрынына салып, ауруханадан бір-ақ шыққан балақайлардың саны күрт өсіп кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

 
Сәбилер үшін, әсіресе, қытай ойыншықтарында болатын қуат бергіштер қауіпті дейді дәрігерлер. Егер бала оны жұтып қоятын болса, одан бөлінген қышқыл ішті күйдіреді екен.

Күніне орта есеппен мұндай балғындардың жетеуі дәрігердің көмегіне жүгінеді.Балалардың мұрыны мен ішінен алынған коллекцияда  ине де, түйме де бар.

Дәрігерлердің ойынша, соңғы кездері осындай ұсақ-түйек заттарды мұрынына салып, арты қауіпті жағдайларға апаратын жәйттер көбейіпті. Әсіресе, қытай ойыншықтарының қуат бергіші мен магниттер өте қауіпті.

"Әр түрлі ойыншықтардың магниттерін жұтып қойып жатыр.Әсіресе үш-төртеуін жұтып қойса, ішекті бір-бірімен жабыстырады. Ішектерді теседі. Сондай кездерде операция жасаған кездеріміз болды", — дейді дәрігер Дінмұхамед Рузуддинов.

4 жастағы Даяна ойнап жүріп, мандариннің қабығын мұрынына тығып жіберіпті. Ол ары кетіп қалғандықтан, баланың тынысы нашарлап жылаған. Ал анасы не болғанын түсінбей, дәрігерге әкелген. 

Ал 2 жастағы Нұршат қонақта жүріп пульттің қуат бергішін жұтып қойған. Қайта ол ары кетпей өңеште тұрып қалыпты. Десе де, баланың тамағын күйдіріп жіберген. 

Даяна немесе Нұршат сияқты балалардың орта есеппен күніне жетеуі дәрігердің көмегіне жүгінеді екен. Әрі жыл санап олардың қатары артып келеді. Сондықтан дәрігерлер ата-аналардың балаға өте мұқият қарауын сұрап отыр.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.