Меню
Категории
ad29btd3a9be-td2b1rd293yny-avtobustan-d29bd2b1lap-zhan-sad29btau-bd3a9liminen-bir-shyd29bd29ban
Ақтөбе тұрғыны автобустан құлап, жан сақтау бөлімінен бір шыққан
26.01.2023 Новости Казахстна

Ақтөбеде 31 жастағы жігіт автобустан құлап, басын жарып алды. Бұл туралы Диапазон газеті хабарлайды.

Аталған оқиға №24 бағыттағы қоғамдық көлікте болған. Автобус ағайынды Жұбановтар көшесіндегі аялдамадан  қозғалған соң, көліктің сатысында тұрған жолаушы құлап кеткен. Себебі, жүргізуші автобустың артқы есігін жабуды ұмытып кетіпті.

Ал жолаушыларға лық толы автобус кенеттен қозғалғанда есік алдында тұрған 31 жастағы жігіт сыртқа құлаған.

«Мен екі әйел адамды автобусқа кіргізіп жібердім де, кейін көліктің салонына өзім міндім. Ал әрі қарай не болғаны есімде жоқ. Тек кондуктордың ауруханаға алып бара жатқаны ғана есімде», — дейді жәбірленуші.

Дәрігерлер автобустан құлаған азамттың желке сүйегі ауыр жарақаттанғанын және миының зақымданғанын айтады. Кондуктордың айтуынша, автобус адамға толы болған. Аялдамадан небәрі 4 метрдей жүргенде жолаушылардың бірі ашық есіктен құлап кеткен.

25 жастағы атвобус жүргізушісі бар кінәсін мойындап, сот шешімімен 2 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ, бір жылын абақтыда өткізеді.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*