Қолданылғанына 30 жыл толған көліктерді Қазақстанға әкелуге рұқсат етілді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 28, 2024

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде қолданылғанына 30 жылдан көп уақыт өткен көліктерді тіркеуге рұқсат берілді.

Мұндай қосымша Кедендік Одақтың техникалық регламентінде жазылған деп хабарлайды Kolesa.kz.

Бұрын сирек кездесетін көліктерді Қазақстанға әкелу заңда қарастырылмаған болатын. Экологиялық класқа қатысты шектеу болған соң, көптеген тұрғындар мұндай көліктерді сатып алуға ниет танытқан жоқ.

Енді жаңа ереже бойынша, L және M1 санатына жататын, шығу мерзімі 30 жылдан асқан, сонымен қатар, шығу мерзімінен бері 50 жыл өткен М2, М3 және N санатындағы көліктерді елге әкелуге рұқсат беріледі.

Осылайша, Еуразиялық Одаққа мүше елдер 1985 жылдан бері қарай шыққан жеңіл көліктер мен мотоциклдерді және 1965 жылдан кейін шыққан автобус, шағын автобус және жүк көліктерін жүргізе алады.

Айта кету керек, техникалық регламенттің бұл бөлімі бай коллекционерлерді ғана қызықтырып отыр. Өйткені мұндай ескі, сирек кездесетін көліктер кез келген жүргізуші үшін қолжетімсіз.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.