Жоламановтың бұрынғы әріптесі миллионға толы сөмкені генералға тасыған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 27, 2022

Астанада Шекара қызметінің бұрынғы директоры, генерал Нұрлан Жоламановтың былығын әшкерелніп, мемлекеттік тендерді кәсіпкерлерге ұтып беру үшін  252 миллионнан астам пара алғаны белгілі болды.Нұрлан Жоламанов, фото bestnews.kz

Онсыз да басынан дау арылмаған Шекара қызметінде жемқорлық жүйелі жолға қойылған. Алайда 3 ай бұрын тура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауласында қолына кісен салынған генерал-лейтенант кінәсін мойындаған жоқ.

Бұған дейін оның қылмыстық істі "саяси тапсырыс" деп атағанын хабарлаған болатынбыз.

Бұған дейін күдіктінің жұбайы диабетпен ауыратын күйеуінің хәл үстінде жатқанын айтып талай шулаған. Бірақ изолятордан сотқа жеткізілген генерал сергек көрінді. Лауазымды шендіні 3 адвокат қорғауда, оның бірі өзінің келіншегі.

Прокурор таққан ресми айыпқа сүйенсек, Нұрлан Жоламанов Шекара қызметіне өз адамдарын қойып, топтасып ақша жеген. Яғни, шекара шебін нығайтуға бөлінген бюджеттің миллиардтарын тендерге салып, жеңімпаз компаниялардан 10 пайыз ауызбастырық алып отырыпты. Сөйтіп айналдырған 2 жыл ішінде 252 миллион теңгені қалтасына басқан.

Шекара қызметінің бұрынғы директоры болса: "Менің құйрығыма түсіп жүргендерін былтырдан білдім. Мен осы қызметке тағайындалғанда, аймақтарды тегіс аралап біраз кемшілікті анықтаған болатынмын. Сол үшін күйіп кетіп отырмын. Мұның артында кімдердің тұрғанын айтып президентке хат жаздым. Араша сұрадым", — дегенді айтты.

Менің құйрығыма түсіп жүргендерін былтырдан білдім. Мен осы қызметке тағайындалғанда, аймақтарды тегіс аралап біраз кемшілікті анықтаған болатынмын.

Жұмыстан айрылып қалам деп қорқып, Жоламановтың заңсыз бұйырығын орындауға мәжбүр болдым дегендердің бірі – Шекара қызметінің бас Қаржы басқармасының басшысы — тендерді ұтқаны үшін кәсіпкерлер берген ауызбастырықты генералдың тура жұмыс кабинетіне жеткізіп отырған.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың былығы әшкере боп, Алматыдағы N2458-әскери бөлімінің командирі Қайрат Балмағамбетов ұсталғанда, Нұрлан Жоламановтан маза кетіпті. Бір қызығы, оның негізгі сыбайластарының бірі  полковник Балмағамбетов бүгін жаза басқанын  мойындады.

Ал генерал соңына шам алып түкенін сезген бетте, бар айыпты Қаржы басқармасының басшысына ысырмақ болған екен. Ол болса, жеген 24 миллион теңгені  қайтарып, бастығының үстінен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз жазып берген. Әйтсе де, басты айыпталушы ақша түгілі оның түрін де көрмедім деп ақталып бақты.

Жоламанов өзіне тапсырыс беріп тіпті өлтірмек болған сол кландық топтардың аты-жөнін атаған жоқ. Бірақ, алдағы сот барысында бар шындықты жариялауға уәде етті. 37 томды құраған іс бойынша, 86 куәгерден жауап алынбақ.

Қылмыстық іс Шекара қызметінің директоры мен осы ведомстваға қарасты Алматыдағы әскери бөлімнің командиріне қатысты қозғалып отыр. Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелері күдіктіден куәгерге айналған. Ал  генерал Нұрлан Жоламанов пен полковник Қайрат Балмағамбетовтың 300 миллион теңгеге бағаланған дүние-мүлкі де тұтқындалыпты. Тергеушілер бір айлыққа қараған шенділердің  бұндай байлыққа  бюджетті жеп қол жеткізгеніне сенімді.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.