Әуе апатының алғашқы кадрлары жарияланды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 23, 2023

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы, Шу ауданында болған әуе апатының алғашқы кадрлары жарияланды. Ұялы телефонға түсірілген көріністе ұшақтың сүйретіле құлағаны аңғарылады.

Мына бейнежазбада әуе кемесінің шашылған қалдықтары мен қаза тапқандардың денелері әлі жинастырылмаған.

Қаңтардың жиырмасында болған апаттан алты адам қаза тапқанын айтқан болатынбыз. Оның үшеуі экипаж мүшесі, қалған бақилық болғандар Шатыркөл кенішіне іс — сапармен келе жатқан Қазақмыс компаниясының лауазымды тұлғалары.

Ал апаттан аман қалған жалғыз жолаушының жағдайы қазір бірқалыпты. Әзірге апаттың себеп салдары ретінде адами фактор, ауа райының қолайсыздығы және ұшақтағы ахау сынды үш нұсқа қарастырылуда.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.