Көкшетауда мектептің экс-директоры 3 млн теңгені жымқырған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 17, 2023

Көкшетау қаласының мектеп директоры қызметтік жалғандық жасағаны үшін және өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Bnews.kz хабарлады.

Сотқа белгілі болғандай, Көкшетау қаласының "№6 орта мектебі" ММ директоры өзінің қызметтік лауазымын бірнеше рет пайдаланып, мектепте жұмыс істемеген тұлғалардың атына айлық-жалақы аудару арқылы, мемлекет қаражатын иемденіп, қалауынша жұмсап отырған. Мектеп директорының осы әрекетінен мемлекетке 2 926 614 теңге шығын келген.

Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотының үкімімен директор қылмыстық кодекстің 176-бабының 3-бөлігі "б,г" тармақтарында, 314-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жазасын ортақ тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ осы үкіммен оған мемлекеттік мекемелерде 5 жылға дейін қандай да бір қызмет атқаруға тыйым салынды.

Сонымен бірге сот мектеп директорынан 2 926 614 теңге материалдық шығын соммасын өндіріп алу туралы Көкшетау қаласының білім бөлімінің қойған азаматтық талабын қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.