Мақпал Жүнісоваға сыйға берілген жылқыны біреулер сойып алған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 4, 2023

Белгілі әнші Мақпал Жүнісоваға Қытай қазақтары мінгізген жылқыны біреулер сойып алған. Бұл туралы әншінің өзі инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Әнші Мақпал Жүнісова инстаграм әлеуметтік желісіндегі белсенді өнер жұлдыздарының бірі. Бір өзінің 100 мыңға жуық оқырманы бар. Күн сайын барлық тыңдармандарына осы әлеуметтік желі арқылы суреттерін ұсынып, ойларын бөлісіп отырады.

Сол суреттердің қатарында әншіге Үрімжі қаласында өткен концертінде Қытай қазақтары мінгізген атының суреті бар. Әлеуметтік желіге өзіне ат мінгезген сәттегі суретін Мақпал Жүнісова "Үрімжідегі концерттен кейін осы атты мінгізген еді" деген атаумен жариялаған.

Оның бұл суреті оқырмандар арасында қызығушылық туғызып, әншіге сұрақтарын жолдаған. Оқырмандардың көпшілігін жылқының тұқымы мен оның қазіргі уақытта қайда екені қызықтырған.

Әнші бұл сұрақтардың барлығына "Асыл тұқымды жүйрік ат еді. Бізге жеткен жоқ, атын айтпайын, Алматыға алып келген жігіттер өздері сойып алған шығар" деп жауап берген.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.