Энергетика министрі ұлының Орск Мұнай өңдеу зауытын сатқандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 6, 2020

Энергетика министрі Владимир Школьник өз ұлының Орск Мұнай өңдеу зауытын сатқандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Менің ұлым ештеңе сатпайды, ештеңе сатып та алмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы оның бірдеңе сатып алғандығы-сатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, соңғы үш жылда ол ештеңе сатқан да, сатып алған да емес. Осыны жазған адамнан сұраңыздар, менен емес, мен бұнымен айналыспаймын, шындығында бұны білмеймін де, тек білетінім ол ештеңе сатып та алған жоқ, сатқан да емес ", — деді министр Школьник мәжілістегі үкімет сағатынан кейін журналистер сауалына жауап беру барысында.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік ақпарат құралдары "Қазақстан Энергетика министрінің ұлы И. Шольник "Русснефтке" Орск мұнай өңдеу зауытын сатты" деп жазған болатын.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.