Ресейдің арзан бензині Қазақстанға қауіп төндіруде


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 14, 2022

Ресейден жеткізілетін арзан бензин Қазақстандағы зауыттарды тоқтатуы ықтимал. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

 
«Қазір бізде екі мәселе бар: егер Ресейден арзан бензин Қазақстанға ағылса — бұл бір жағынан жақсы. Осы жағдай болып та жатыр. Біз АИ-92 маркалы бензинге шекті бағаны литріне 109 теңгеге белгіледік, ал кейбір май құю бекеттерінде баға бұдан да төмен. Алайда, бұл арзан бензин біздің зауыттарымызды тоқтатып, жұмыс орындарын жауып тастауы ықтимал», — деді министр Школьник.

Оның мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні Ресейден Қазақстанға келіп жатқан АИ-92 маркалы бензин шамамен 30 пайызды құрап отыр.

Сонымен қатар, министрдің дерегі бойынша Қазақстандағы қоймаларда дизельдік отынмен 350 мың тонна және АИ-92 маркалы бензинмен 250 мың тоннаға жиналған. Жазғы кезеңге қор жинау жағдайлары да кездеседі.

«Кетпеннің екінші басын тағы да басып қалмауды қалар едік. Өйткені, осы мәселені тоқтататын немесе автоматты түрде ретке келтіретін қандай да бір тетік, формула табу әзірше қиынға соғып тұр. Біз ең басты көршіміз Ресейден АИ-92 маркалы бензиннің 30 пайызын 2016 жылы Қазақстандағы зауыттарды жаңғыртып біткенше тасып әкеліп, тұтынамыз. Ал осы уақытқа дейін бұл зауыттар қолмен басқару режимінде. Сондай-ақ, Ресейдің Думасы мақұлдаған салық салу тәсілі әлі қолданысқа енген жоқ. Сондықтан да, біздің ведомство осы мәселені оңтайлы шешетін «алтын аралықты» іздеуде», — деді  Школьник.

Министр сонымен қатар, бүгінгі күні осы қатынастарды реттеп, мәселені ақылға қонатын дәлізде ұстап тұру бағытында жұмыстар атқарылып жатқанын алға тартты. Оның сөзіне қарағанда, бүгін Ресейдің энергетика министрлігінен делегация келеді. Онда осы мәселе де сөз болмақ. «

Бір жағынан біздің зауыттарды тоқтатып алмас үшін, екінші жағынан арзан бензиннің жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін не істеу керек? Бұл жағдайды қалай реттейміз? Біз осы мәселемен айналысып жатырмыз», — деді Энергетика министрі.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.