Қазақ спортшысы пәтердің жоқтығынан басқа елдің намысын қорғамақ


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 27, 2022

Жауынгерлік самбодан 2 дүркін әлем чемпионы, көптеген ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы Арман Оспанов Қазақстан азаматтығын алмастыруы мүмкін. Танымал спортшы өзге елдің атынан сынға түсуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.

Арманның мұндай қадамға баруына баспанасының жоқтығы себеп болған. Бар өмірін спортқа арнап, Қазақстан атын әлемдік аренада асқақтатқан спортшы 6 жыл бойы отбасымен пәтерден пәтерге көшуге мәжбүр.

"Мен өз елімнің намысын қорғап, талай сында абыроймен оралдым. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі көрермен болған әлем кубогі додасында чемпион атанып, Владимир Путин кубокті табыстаған болатын. Екі рет әлем чемпионы атансам да, самбошыларға деген көзқарас мүлде басқа", — дейді Арман.

Бүгінде Оспановқа әлемнің әр түкпірінен ұсыныстар түсуде. Атап айтар болсақ, Американың "Легаси" және Тайландтың "Ланоси" жобаларына спортшы қайта-қайта шақырту алуда.

"Аталған елдердің біріне қабылданатын шығармын. Өйткені, бұл оларға да, маған да тиімді. Бірақ Қазақстан бізді жас отбасы ретінде қолдайтын болса, өз елімнің туын әлі талай көтергім келеді", — дейді танымал самбошы.

Бүгінде 6 жылдан бері пәтер алмастырып жүрген спортшы екі қыз тәрбиелеп отыр. Олар да спортқа жақын болып өсуде.

Арман Оспанов елімізде бокс, ауыр атлетика, күрес сынды спорт түрлерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге пәтер мен көлік кілтін ұстатып жататын айтады.

Самбо Олимпиада бағдарламасына кірмегендіктен, талай мәрте әлемді мойындатса да, Оспанов өз отандастарының құрметіне бөлене алмай жүр.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.