Сарапшы мұнай бағасы $200 дейін өсуі мүмкін екенін ескертті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 15, 2022

Бірнеше жылдан кейін мұнай бағасы барреліне 200 долларға дейін шарықтап кетуі мүмкін, деп мәлімдеді Давос форумында италияндық "Eni" мұнай-газ компаниясының басшысы Клаудио Дескальци. Бұл туралы РБК хабарлады.

"Нарықтағы қазіргідей жағдайда ОПЕК тыс қала берсе, әлем мұнай бағасының барреліне 200 долларға дейін шарықтағанын көретін болады", — деді Eni-дің бас директоры Клаудио Дескальци.

Оның айтуынша, қазіргі бағаның құлдырауы мұнай жобаларына салынатын инвестицияны айтарлықтай шектеп қана қоймай, келешекте нарықта ұсыныс азайып, тапшылық болуы мүмкін.

"Көптеген жобаларымыз — ұзақ мерзімге арналған. Олар бес немесе алты жылдан кейін өндіруге бағытталған. Бұл — ойланатын жәйт. Егер қазір капитал салымы күрт қысқаратын болса, төрт-бес жылдан кейін өндірістің жетіспеушілігіне тап болып, мұнай құны барреліне 200 долларға дейін шарықтап кетуі ықтимал", — деп ескертті ол.

БАҚ-қа берген сұхбатында Дескальци баға 2015 жылдың аяғына дейін өсе бастауы мүмкін екенін айтты.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.