Меню
Категории
bd29bo-da-17-od29bushy-ulanu-belgilerimen-auruxanad293a-td2afsti
БҚО-да 17 оқушы улану белгілерімен ауруханаға түсті
07.07.2022 Новости Казахстна

Батыс Қазақстан облысында 17 оқушы улану белгілерімен аудандық ауруханаға түсті деп хабарлайды 24 kz.

Балалар өздерін нашар сезінгендері туралы айтқан. Көмекке жүгінгендер – Қаратөбе ауданы мектеп гимназиясының 11-16 жас аралығындағы оқушылары.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға орнына арнайы мамандар жіберіліп, жағдай бақылауға алынды.

Айта кетсек, жалпы Қаратөбе ауданының мектеп гимназиясында 255 оқушы білім алады, оның 81-і мектеп жанындағы интернатта тұрады.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*