Мәдениет министрі қарта ойнай алмайтынын айтып мақтанды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 10, 2023

Парламент мәжілісінің қабырғасында "Лотерея және лотерея қызметі туралы" заң жобасын талқылағаннан соң журналистердің сұрағына жауап берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "лотерея ойнағаннан гөрі, кітап пен спортқа ден қойған дұрыс" екенін айтты.Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

"Шынымды айтайын, мен құмар ойындардың жақтаушысы емеспін. Мен одан гөрі кітап оқып, спортпен шұғылданған жөн деп ойлаймын. Мен тіпті карта ойнай алмаймын", — дейді ағынан жарылған министр.

Ал жалпы, лотерея ойнауға рұқсат беру арқылы құмар ойынға жол ашылып кетпей ме деген сауалға министр:

"Әр нәрсе адамның психологиясына байланысты. Өздеріңіз де жас болғанда кейде ұтысқа жетуді ойлаған шығарсыздар. Қазір қарасақ, лотереяны жастар мен зейнетке шыққан азаматтар көп ойнайды екен. Зейнетке шыққан соң бәлкім адам өзіне бір ермек тапқысы келетін шығар. Сондықтан, бізге ең керегі осы заң арқылы қоғамдағы сана-сезімді өзгерту керек", — деді ол.

Министр сонымен бірге адамдардың барлығына бірдей азарт ойын ойнамсын деп шектеу қоюға болмайтынын да атап өтті.

"Көзді жұмып, ешкім азарт ойын ойнамасын деуге тағы болмайды. Бірақ, біз сол азаматтардың қызығушылығын қоғам пайдасына жарата аламыз. Яғни, жаңағы лотереядан түскен қаржыдан әлеуметтік салалардың дамуына қаржы ала аламыз", — деген ойын білдірді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.