Таразда келіншек 4 айлық сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 16, 2023

Жамбыл облысының тұрғыны Шырай Айдар дәрігерлердің салғырттығынан шақалағы шетінегенін жеткізді.

22 жастағы келіншек туылғанына төрт ай болған сәбиінің сырқаттан қиналып қайтыс болғанын жылап еске алады. Ал аудандық аурухананың басшылығы кімнің кінәлі екенін әлі анықтай алмай отыр екен.

Төрт жарым айлық баласын 11 қаңтарда жерлеген анасы сәбиінің қатты қиналып қайтыс болғанын айтады. Дертінің диагнозы өкпе мен өт жолдары қабынуы, сары ауру секілді сырқаттар екен.

"Ертерек екі айлығында МРТ-ға түсіріп, ЦНВ-ға анализ тапсыртып қамданса, кінә тақпас едім. 1 ай болса да уақытым қалушы еді. 12- қаңтарда Астанадағы емханаларға ұшамыз деп отырғанбыз. 11-қаңтар күні  бір күн қалған кезде шетінеп кетті сәбиім. Ал бұлардың онымен шаруасы жоқ", — деп ашынады жас ана.

Жас ана мұндағы дәрігерлерден көңілі қалғандықтан, Астана апарып емдетпек болғанын айтады. Алайда сол арада сәбидің соңғы демі шығып, бақилық болады.

"Қалаға барғанда өкпесі сыр-сыр етіп, қабырғасы пыртылдап жатқан кезде дәрігерлер жөнді емдеген.Сонысы асқынып пневмония болған. Әр ай сайын  ауруханаға жаттық. 10 күн бізді ұстап отырды да, ештеңе айтқан жоқ", — дейді сәбидің анасы.

Дәрігерлердің сөзінше, балаға анасынан жұққан цитомегаловирус анасы айтқан ауруларды асқындырған. Ол бауырдан бастап, барлық дене мүшелерін дертті етеді дейді. Ондайда, бауырды ауыстырмаса бала тұрмақ ересектер де көз жұматын көрінеді.

Оқиғаның анық қанығы алдағы уақытта ақ халаттылардың үстінен тексере келетін комиссияның шешімімен анықталмақ. Ал балақайдың ата-анасы әзірге ешқандай құқық қорғау орындарына арызданбапты. Бірақ, олар ақ-қараны ажырататын арнайы коммисия келсе, жауаптыларды жазасыз қалмас деп үміттенеді.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.