Қызылорда облысында суға батып кеткен 5 адамның денесі шығарылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 24, 2020

Қызылорда облысында мұз астына түсіп кеткен бес адамның мәйіті шығарылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше 13 сағат 51 минут шамасында Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылының тұсында «УазФермер» автокөлігімен Сырдария өзенінде мұз үстінен өту барысында Арал ауданының тұрғындары А. Әбдікеров 1977 ж.т., Н.Әбдікеров 1991 ж.т., Б.Оңғаров 1980 ж.т., Б.Садықов ж.т., және Қазалы ауданының тұрғыны А.Әбілов 1974 ж.т. суға батып кеткен.

Көлікке ішіне мінген 5 адамнан бөлек, Урал маркалы мотоцикл тиелген.

17 сағат 40 минутта «УазФермер» автокөлігіне тиелген Урал маркалы мотоциклі және ішіндегі 5 адамның мәйіті Қызылорда облысы ТЖД-нің суда құтқару қызметі жеке құрамы (4 адам), 1 техника, 1 арнайы көтергіш кранның көмегімен көтеріліп, жағаға шығарылды.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.