Қазақстандық кәсiпқой боксшы Әзербайжан туының астында өнер көрсетпек


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 28, 2024

Бес жекпе-жек өткiзiп, барлығында жеңiске жеткен 28 жасар кәсiпқой боксшы Бақтияр Эюбов boxingnews.kz порталына берген сұхбатында ендi Әзербайжан елiнiң атынан шығатынын хабарлады.

"Қазiргi уақытта келiссөздер жүргізілуде, демеушiлердiң атын атағым келмейдi. Айтқым келетiнi, мен Әзербайжан атынан шығуға шешiм қабылдадым. Мұның себебптерi көп, кәсiпқой бокста өрiсiм кеңейедi, материалдық жағы тағы бар. Бiрақ менiң елiм әрқашан жүрегiмде қалады. Рингке екi туды алып шығатын боламын", — дедi Эюбов.

Оның сөзiне қарағанда, ол кәсiпқой боксқа өз күшiмен шығып, онда өз күшiмен талпынып жүрдi.

"Менде үлкен ерiк-жiгер мен талмас қайрат қана бар. Барлық мәселелердi өзiм шешiп келдiм. Жаттығуды бiр өзiм жасадым. Қиын, әрине. Қазақстан тарапынан, өкiнiшке орай, ешбiр көмек болмады. Кәсiпқой бокстағы жеңiстерiме тiптi құттықтау айтылмады", — деп ішкі қынжылысын білдірді боксшы.

Спортшы өз туып-өскен Ақтөбе қаласында, қалада жыл қорытындысы бойынша тiптi спорттық жоспарларға қоспағанын айтты.

"Кәсiпқой бокстағы Ақтөбенiң жалғыз өкiлi болсам да, ешқандай қолдау жоқ", — дейді ол.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.