«Нұрлы жол» бойынша іске асатын жобалар бюджеті қысқартылмайды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 7, 2019

Республикалық бюджетті қайта саралау нәтижесінде уақытша тоқтатылатын жобалар тізіміне "Нұрлы жол" көп жылдық даму стратегиясында бекітілген бағыттар енбейді.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасы.

"Елбасы жолдауында еліміз "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағдарламасын бастайтынын айтқанын білесіздер. Жоспарда көптеген жаңа жобалардың құрылысы тұр. Қазір үкімет қандай инвестициялық жобаларды қысқарту керектігі жөнінде жұмыстар атқарып жатыр. Бюджет шығындарын азайту үшін, кейбір маңызы төмен жобаларды қайта қараймыз", — дейді Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Сондай-ақ брифинг барысында, еліміздің кәсіпкерлік туралы заңына енгізілген өзгерістерге сай, мемлекетпен инвестициялық келісімшарт жасасқан инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаттары енгізілетіні туралы айтылды.

Енді Қазақстанда дара кәсіпкерлердің кәсібін тіркеу және доғару тәртібі жеңілдетілмек.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.