Дүниеге үшем әкелген отбасы «биліктің назарынан тыс қалдық» деп налиды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 18, 2024

Жақында дүниеге үшем әкелген қарағандылық отбасы "биліктің назарынан тыс қалдық, зарымызды әкім тыңдамай отыр" деп наразылығын білдіруде.

Босанған күннен-ақ көмектесуге уәдені үйіп төккен жергілікті атқамінерлер, тіпті келіп құттықтауға да жарамаған деп хабарлайды 31 арна.

Тоғыз адамнан тұратын көпбалалы отбасы қазір екі бөлмелі пәтерді паналауға мәжбүр. Бірден көпбалалы ана атанған Лейла Эюпова уақытынан бір ай бұрын босанған. Қазір өзінің де, үшемдердің де жағдайы жақсы.

Сөздерінше тек ұзаққа созылған жоқшылықтан отбасының үш бірдей сәбиге төсек алуға қауқары жетпей тұр. Ал мемлекеттен бөлінетін жалғыз жәрдемақы құнарлы тамақпен жөргектергеде жетпейді.

"Үш баламды да бір кереуетке жатқызуға мәжбүрміз. Себебі үш кереует, үш коляска алуға біздің қаражатымыз жоқ. Ал әкімшілік көмектеспек түгілі тіпті құттықтаған да жоқ", — дейді үшемнің анасы Лейла Эюпова.

Тоғыз адамның екі бөлмелі пәтерді паналаудан басқа амалы жоқ. Тар пәтерлерін кеңейтуді сұрап көпбалалы отбасы әкімшілікке де барған. Бірақ бір-біріне сілтеген шенеуніктерден ақыры қайран болмапты. Бұған да көндіккен олар тым құрығанда қаржылай көмек көрсетсе екен дейді.

"Балалардың әкесі Астанаға ақша табу үшін кетті. Үйдің жалғыз асыраушысы сол ғана. Балаларын көрмегеніне екі ай болды. Әкімдіктегілер көмектесеміз деген", — деді үшемнің әжесі Ниса Аюпова.

Ал үшемдерді ұмыт қалдырған жергілікті атқамінерлер баспана жоқ деп, отбасыға кезектен тыс пәтер тимейтінін айтты. Тойып ішер тамағы да жоқ жанұяға, тіпті әлеуметтік көмектің де көрсетілмейтінін ескертеді.

"Өзінің тұрғын үй мәселесін жақсарту, кеңейту дейміз ғой, ол тек қана қатты жұқпалы аурумен ауыратын адамдарын үкіметтің бекітілген тізімдердің ішіндегі ауруларға ғана болады", — дейді "Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастар бөлімі" ММ басшысының орынбасары Дарын Бұлқайыр.

Дегенмен үшемдерді дүниеге әкелген отбасы пәтер кезегіне тұруға да дайын. Тек халық санын көбейтіп, көпбалалы отбасы атанғанымды үкімет елесе игі еді дейді.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.