Қазақстандық министрдің ұлы мұнай зауытын ресейліктерге сатты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 27, 2022

Энергетика министрі Владимир Школьниктің баласы Игорь Школьник Орск мұнай өңдеу зауытын "Роснефть" компаниясына сатып жіберді деп хабарлайды 31 арна< /a>.

Осылайша, алпауыт компанияның президенті Михаил Гуцериев "Орскнефтеоргсинтез" зауытын өз қарамағына алды. Бұл туралы "Астана" арнасы "Коммерсантъ" газетінің ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

Айта кетейік, Игорь Школьник Қазақстанның Энергетика министрі Владимир Школьниктің ұлы. Сауда-саттық  құны нақты қанша соманы құрағаны әлі айтылған жоқ. Алайда, дереккөздер оның мөлшері 1 млрд долларға жуықтайтынын айтқан.

"Русснефть" тарапы  жағдайға қатысты әлі ресми түсінік берген жоқ. Басылымға бұл ақпарды жеткізген дереккөз Гуцериевтің онсыз да бұл зауытты бақылауында ұстап келгенін айтады. Енді ол тек активтерді ресми түрде өзіне рәсімдесе керек.

"Орскнефтеоргсинтез" — Ресейдің Орынбор облысындағы  аса ірі кәсіпорын. Әрі Ресейдің мұнай өңдеу нарығында өзіндік орны бар алпауыт зауыттардың бірі. Жылдық қуаты 6,6 млн тонна қара алтын өңдеуге қауқарлы. Игорь Школьниктің  қарамағына  бұл зауыт 2011 жылы өткен болатын.

Ал осы ақпарат жария болған кезде Энергетика министрі, "бұл жерден саясат іздеудің қажеті жоқ, менің де туыстарым бизнеспен айналысуға құқылы" деген болатын. Тіпті, бұл мәселені ұлымнан сұраңдар, ол әкесінен де "үлкен", — деген жауаппен құтылған еді деп еске салады

31 арна

.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.